Трамп әрбір америкалыққа екі мың доллардан төлеуге уәде етті

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 14:07 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп аса бай азаматтарды қоспағанда, барлық америкалықтарға 2 000 доллардан төлеуге уәде берді. Бұл қаражат импортқа салынатын баж салығынан түсетін қаражат есебінен бөлінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы бұл туралы өз әлеуметтік желісі Truth Social парақшасында жазды.


"Баж салығына қарсы шығатын адамдар ақымақ! Қазір біз әлемдегі ең бай әрі беделді мемлекетпіз, инфляция дерлік нөлге жақын, ал қор нарығындағы акциялардың бағасы рекордтық көрсеткіште… АҚШ-тағы инвестициялар рекордтық, зауыттар мен фабрикалар елдің барлық аймағында өсіп жатыр", – деді Трамп.

Сонымен қатар, Трамп импортқа баж салығын салу мемлекеттік қарызды жабуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазіргі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 37 триллион долларға жеткен.

Бұған дейін Трамп саясатын қолдайтын америкалықтардың саны күрт азайғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: