Трамп қытайлық импортқа баж салығын 125%-ға дейін көтерді, сондай-ақ өзге елдерге 90 күндік үзіліс жариялады

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 09:27 Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылдың 9 сәуірінде қытайлық импортқа баж салығы 125%-ға дейін күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісіндегі Трамптың мәлімдемесінен белгілі болды.


"Қытайдың әлемдік нарықтарға деген құрметсіздігіне байланысты олардың АҚШ-қа жеткізетін тауарлары үшін баж салығын 125%-ға дейін көтеремін деп шештім",- делінген мәлімдемеде.

Бұдан өзге, АҚШ президенті 75-тен астам ел Сауда министрлігі, Қаржы министрлігі және АҚШ Сауда өкілі кеңсесі (USTR) сияқты американдық билік өкілдерімен сауда және валюталық манипуляция мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Трамп 90 күндік мораторий енгізілгенін және аталған кезеңге өзара тарифтердің 10%-ға дейін төмендегенін жариялады.

Бұған дейін Трамптың жаһандық сауда соғысы Ресей экономикасына да кері әсерін тигізуде екенін жазған болатынбыз. Бүгінде елдің қор биржасы құлдырап, ұлттық компаниялардың акциялары арзандады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: