Трамп саясатын қолдайтын америкалықтардың саны күрт азайды

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 14:59 Фото: flickr/White House
Ақ үй басшысы Дональд Трамптың саясатын қолдайтын америкалықтардың қатары рекордтық төмен деңгейге түсті.

CNN телеарнасы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, Трамптың саясатына қанағаттанғандардың үлесі 37 пайызды құраған. Бұл — оның екінші президенттік мерзіміндегі ең төмен көрсеткіш, деп жазады qazaqstan.tv.

Бір ай бұрын жүргізілген сауалнамада қолдау деңгейі шамамен 39 пайыз болса, президенттік қызметіне кіріскен уақытта оның рейтингі 43 пайызға дейін жеткен еді. Осылайша бірнеше айдың ішінде Трампқа деген сенім алты пайызға төмендеген.

Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш Ақ үй саясатына деген наразылықтың күшейгенін және демократтардың позициясының нығайғанын аңғартады. CNN мәліметінше, егер Конгресске сайлау дәл қазір өткізілсе, 47 пайыз сайлаушы Демократиялық партияны, ал 42 пайызы Республикалық партияны қолдайтындарын білдірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: