Шыдамсыз қазақстандық әйел ұшақтың төтенше шығу есігін ашып, қомақты айыппұл арқалады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 21:48 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қызылорда қалалық соты Air Astana әуе компаниясы мен қону кезінде ұшақтың төтенше шығу есігін өз бетінше ашқан жолаушы арасындағы медиациялық келісімді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Астана – Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі қонғаннан кейін, жолаушы У. траптың келуін күтпестен төтенше шығу есігін өздігінен ашқан. Бұл әрекет нәтижесінде тек төтенше жағдайларда және экипаждың бұйрығымен ғана пайдаланылатын үрлемелі төтенше сырғанау трапы іске қосылған.

Жолаушының бұл әрекеті әуе компаниясына 22 995 936 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Бұл — зақымданған трапты ауыстыру құны.

Сот тараптарға татуласу рәсімдері жөнінде түсіндірме бергеннен кейін, дауға қатысушылар медиациялық келісімге келген.

Оның шарттарына сәйкес, жауапкер әйел 2025 жылғы 20 қарашаға дейін 6 698 426 теңге көлеміндегі соманы өтеуге міндеттелді. Өз кезегінде Air Astana талаптың қалған бөлігінен бас тартты.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, істі тоқтату туралы шешім шығарды.

Бұған дейін тағы бір оқиға туралы хабарланған болатын: Ақтау тұрғыны әуежайда валюталық ережелерді бұзып, ақшасынан айырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: