АҚШ Украинаға қарсы санкциялар енгізді

Фото: pix4free
АҚШ Иранның Ababil зымырандары мен Shahed дрондарын өндіруге қажетті бөлшектерді жеткізуге қатысы бар украиналық қорғаныс компанияларына санкция енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, шектеулер тізіміне Украинадағы келесі компаниялар енгізілді: GK Imperativ Ukraina LLC (Харьков) және Ekofera LLC (Киев және Харьков).

АҚШ Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, Иран осы делдал компанияларды Украинада аэроғарыштық материалдарды сатып алу және оларды Иранның HESA авиациялық кәсіпорнына жеткізу үшін пайдаланған. Бұл материалдардың ішінде авиагоризонттар, магнитометрлер, қозғалтқыштар және генератор компоненттері болған.

Министрлік санкциялар АҚШ президентінің 13382 атқарушылық жарлығы негізінде енгізілгенін нақтылайды. Бұл жарлық жаппай қырып-жою қаруын тарататын және оларды қолдайтын тұлғаларға қатысты. Санкциялар HESA кәсіпорнына қаржылық, материалдық, технологиялық немесе өзге де қолдау көрсетуге әрекет еткендерге байланысты енгізілген.

АҚШ Қаржы министрлігі украин компаниялары Иранның зымырандары мен дрондарына арналған техника сатып алатын трансұлттық желінің бөлігі болғанын атап өтті. Бұл желіге Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қытай, Гонконг, Үндістан және Германияның кәсіпорындары да кірген, олардың барлығы санкциялық шектеулерге ұшырады.

Бұған дейін Трамптың Украинаға Tomahawk ракеталарын беру мәселесіне нүкте қойғаны хабарланған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады