Дуров Чарли Кирктың өліміне қатысты нұсқаға күмән келтіріп, Францияның қатысы бар деген теорияны қолдады

Сурет: Instagram/durov
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров американдық консервативті белсенді Чарли Кирктың өліміне Францияның қатысы болуы мүмкін деген теорияға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) кәсіпкер бұл теорияның "жақсы дәлелденгендей көрінетінін" жазды.

"Чарли Кирктің Эммануэль Макронның Франциясы туралы айтқан барлық сөздерін талдай отырып, журналист Кэндис (Оуэнстің) Францияның оның өліміне қатысы болуы мүмкін деген ақпаратын шындыққа жанасатын нұсқа деп санаймын. Чарли тіпті Францияға 300 пайыздық тариф енгізуді ұсынып, маған тағылған айыптар алынып тасталғанға дейін осылай болу керек деген", – деп жазды Дуров.

Айта кетейік, америкалық журналист Кэндис Оуэнс француз билігінің ішінде жүрген белгісіз дереккөзі өзіне хабарласып, консервативті белсенді Чарли Киркті өлтірген адам "француз легионының он үшінші бригадасында дайындықтан өткен" деп мәлімдегенін айтқан.

Чарки Кирк Трамптың ең сенімді серіктерінің бірі әрі ықпалды жастар белсендісі ретінде танылған. Ол 10 қыркүйек, сәрсенбі күні Юта университетінде сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз адам тарапынан атылып, қаза тапты. Күдіктіні ұстауға көмектескендерге ФБР сыйақы жариялады. Көп ұзамай, күдікті де анықталды, ол небәрі 22 жастағы бозбала.

Дуров Павел

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз