Жаңа Зеландия жабайы мысықтарды түбегейлі жойып жіберуді жоспарлап отыр

Сурет: pixabay
Жаңа Зеландияның табиғатты қорғау министрі Таму Потаку елде 2050 жылға қарай барлық жабайы мысықтарды жою жоспары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian дерегінше, "Жыртқыштарсыз–2050" атты мемлекеттік бағдарлама 2016 жылы қабылданған. Ол кезде билік жергілікті жануарлар дүниесіне үлкен зиян келтіретін жыртқыштарды жою туралы шешім қабылдаған.

Басылым мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта елде еуропалықтар алып келген үй мысықтарынан тараған 2,5 миллионнан астам жабайы мысық бар. Кейбір аймақтарда оларды жою жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде, ал келесі жылдан бастап бұл жануарларды толықтай жоюға бағытталған шаралар қабылданбақ.

Жабайы мысықтарды түбегейлі жою жоспары жануарларды қорғаушылардың қатты сынына ұшырап отыр. Олар билікті шамадан тыс қатыгездік танытып отыр деп айыптайды.

Бұған дейін Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасап, 11 адамның жарақат алғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз