Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасады: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 11:36 Сурет: pixabay
Британдық Колумбия провинциясының Белла-Кула атты шалғай елді мекенінде гризли аюы мектеп оқушыларына шабуыл жасады. Нәтижесінде үш баланы қоса алғанда 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жараланғандардың жетеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді, ал төртеуі ауруханаға жеткізілді. Олар қазір дәрігерлердің бақылауында. ABC мәліметінше, бірнеше мұғалім аюды тоқтату үшін арнайы бүріккіш пен үркіткіш құрал қолданған.

Өз кезегінде, билік өкілдері мен Британдық Колумбия премьер-министрі Дэвид Эби зардап шеккендерге қолдау білдіріп, мұғалімдердің ерлігіне алғыс айтты.

Аю әлі табылған жоқ. Тұрғындарға үйлерінен шықпауға және орман соқпақтарымен жүрмеуге кеңес берілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жануар бұған дейін жарақаттанған болуы мүмкін.

Британдық Колумбияда шамамен 15 000 гризли аюы бар, бұл – Канададағы жалпы популяцияның жартысынан астамы.

Бұған дейін Нигерияда қарулы қарақшылар 200-ден астам оқушыны ұрлап әкеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: