Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған әскери жиындар өткізілмек

Әскери жиын, мектеп оқушылары, пилоттық жоба, Оқу-ағарту министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2026 12:47 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі мектеп оқушыларына арналған бірлескен әскери жиындар өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп өткізу жөнінде ортақ шешім қабылдады.

"Аталған бастама ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың қатысуымен өткен ведомствоаралық кездесуде мақұлданды. Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбиені мектеп қабырғасынан бастап кешенді түрде қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды", делінген хабарламада.

Жоба пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылады. Сол әскери жиындардың нәтижелеріне қарай, бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлеріне де енгізілмек.

"Бірлескен іс-шаралар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң аясында жүзеге асырылып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы мемлекеттік саясаттың нақты тетігіне айналмақ". ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Бұған дейін кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру 2026 жылғы наурыз–маусым айларында өтетіні хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: