Қазақстанда 58 мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келген
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметін қойылатын талаптарға сәйкестендірді.
"Лицензиясыз қызмет жүргізген мектептерге қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл салу туралы сот қаулылары шықты. Бұл білім беру ұйымдары негізінен Астана және Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан".ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс екенін атап өтті.
"Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдары білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған сәттен бастап қана құқылы. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс", — деп атап өтті комитет төрағасы.
Лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар қамтиды:
- материалдық-техникалық базаны,
- білікті педагогикалық құрамның болу,
- санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуы,
- білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды.
"Осы талаптарға сәйкес келмеу әкімшілік жаза қолдану мен қайталама бұзушылықтар болған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады".ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Айта кетейік, мектептер бағыныстылығы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарамағына жатады.
Өз кезегінде аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.
Тараздағы екінші "Жайлы мектеп" пайдалануға берілгені хабарланған болатын.