Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілерді оқу-жаттығуға шақыруға дайындық жүргізуде
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Әскери оқу-жаттығулары – әскери басқару органдары мен мемлекеттік әскери дайындыққа жауапты ұйымдар тарапынан әскери міндеттілер мен азаматтарға әскери білімді алу және жетілдіру мақсатында өткізілетін іс-шаралар. Сонымен қатар, оқу-жаттығулар ҚР заңдарында көрсетілген басқа жағдайларда да ұйымдастырылады.
Министрлік атап өткендей, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери білімді дайындау, қайта дайындау және жетілдіру, әскери міндеттілердің өз қызметтік міндеттерін орындау дағдыларын сақтау, сондай-ақ олардың әскери дайындық деңгейін көтеру болып табылады.
Оқу-жаттығулар 2026 жылғы мамырдан қазан айына дейін өткізілмек.
Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында 10 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланған.
Еске сала кетейік, 2026 жылы наурыз-маусым айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланған.