Германияда ер адам пойыз жолаушыларына балтамен шабуыл жасады: зардап шеккендер бар

Германияда ер адам пойыз жолаушыларына балтамен шабуыл жасады: зардап шеккендер бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 19:51 Сурет: pixabay
Баварияда балта ұстаған ер адам Венаға қарай бағыт алған жүрдек пойыз жолаушыларына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild басылымының мәліметінше, шабуылдан кейін бірнеше жолаушы төтенше тоқтату тетігін басып, пойыз ашық жолда тоқтаған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар шабуылдаушыны қоршап, полиция келгенше оны залалсыздандырған. Белгілі болғандай, күдікті де ұсталу кезінде жарақат алып, тікұшақпен ауруханаға жеткізілген.

Пойызда шамамен 500 жолаушы болған. Қаскөйдің әрекет ету себептері әзірге белгісіз.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, шабуылдаушының қолында тек балта емес, сонымен қатар балға да болған. Жолаушылар оның қолындағы барлық қаруды тартып алған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция және шұғыл қызметтердің көп күші жұмылдырылды.

Айта кетейік, Бавария — Германияның 16 жерінің (федералдық штаттарының) бірі. Аумағы жағынан ең ірі және халық саны бойынша екінші орында тұрған өңір.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: