Оралда пойыз ер адамды қағып өлтірді

Оралда пойыз қағып кеткен ер адамды алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымының хабарлауынша, қайғылы оқиға 4 ақпан күні түс шамасында Орал вокзалында болғанын жазады.
Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мамандар қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript