Шымкентте теміржолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті
Сурет: pixabay
Шымкентте пойыз теміржолдың тыйым салынған тұсынан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Otyrar.kz мәліметінше, қайғылы оқиға Измайлов пен Жангелдин көшелерінің аралығында 21 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болды. Оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Пойыз қатты жылдамдыққа енді қосыла бастаған, бірақ машинист оны тоқтатып үлгермеді. Жарақаттар тым ауыр болды, сондықтан ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм 30-35 жаста.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript