Астанада автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, әйелді қағып кетті

Астанада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті. Әйел ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісінің тыйым салынған бағдаршамнан өтіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция жол-көлік оқиғасы тергеліп жатқанын хабарлады.
"Абылайхан даңғылымен келе жатқан маршрут автобусы жүргізушісі Жансүгірұлы көшесінің қиылысында тыйым салынған бағдаршамнан өтіп бара жатып, бағдаршам рұқсат берген кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан 50 жастағы әйелді қағып кеткені анықталды.Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жаяу жүргінші жарақат алды, медицина мекемесіне жеткізілді.
Бұған дейін 47 жастағы ер адамның жолды дұрыс емес жерден жүгіріп өткені туралы хабарланған еді. Ол Алматыда Бұқтырма көшесінде шағын автобустың астына түсіп кеткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript