Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда әйелді автобус қағып кетті

автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 23:13 Сурет: polisia.kz
Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған әйел аруханада жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұз қаласының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

26 қазанда Zhong Tong маршруттық автобусын басқарған жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, аялдамада көшеде тұрған әйелді соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әрі қарай жүріп кеткен.

"Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша полиция тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: