Оралда 43 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Орал, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 01:01 Сурет: Zakon.kz
Оралда 43 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда сағат 10:20 шамасында Назарбаев даңғылында "Типография" аялдамасына қарама-қарсы жерде "Лада Калина" көлігінің жүргізушісі 1980 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Ол жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Апат салдарынан зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді". Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: