Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті

жол-көлік оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 22:15 Сурет: polisia.kz
Петропавлда 48 жастағы әйелді көлік қағып кетті, ол қалалық ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға бүгін, 1 маусымда Интернационал көшесінде жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.

38 жастағы ер адам Audi 89 автокөлігімен көшені белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені белгілі болды.

48 жастағы әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіден медициналық куәландыру өткізу үшін қан алынды.

Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды. Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл полиция басқармасына жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: