Алматыда пойыз ер адамды қағып кетті – ол ауруханада қайтыс болды
Сурет: pixabay
Алматыда жолаушылар пойызы темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео Telegram арналарының бірінде жарияланды.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Көліктегі полиция департаментіне сұрау салды.
8 маусым күні сағат 22:10-да көлік полициясының кезекші бөліміне жолаушылар пойызы белгіленбеген жерде темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға Алматы – 1 және Алматы – 2 станциялары арасындағы учаскеде болды. Көліктегі ПД баспасөз қызметі
Ведомство бұл факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлімі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript