Венецияда тәртіп бұзған Грета Тунбергке оның әлемдік танымалдығына байланысты жеңіл жаза тағайындалды

Сурет: Instagram/humansofgsf
Венеция полициясы қалада болған соңғы вандализм әрекеті үшін Грета Тунбергті қатаң жазаламауды жөн көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, "Экоцидті тоқтатыңдар" қозғалысының жақтастарымен бірге Грета Гранд-каналға жасыл бояу құйған. Соның салдарынан каналдың суы ашық жасыл түске боялған.

Қала тұрғындары мен әлемдік қауымдастықтың наразылығына қарамастан, Тунберг пен қозғалысқа қатысқан 36 адамға бар болғаны 150 еуро көлемінде символикалық айыппұл салынған, деп жазады Daily Mail. Сонымен қатар полиция экоактивистке 48 сағат ішінде қаладан шығу туралы талап берген. Бұл уақыт өткеннен кейін, егер басқа ережелерді бұзбаса, қалаға қайта кіре алады.

Венециялықтарды ең таңқалдырған жайт — Тунбергтің ұстау кезінде ешбір құжат көрсетпеуі. Ол жеке деректерін ауызша айтып, өзінің кең танымалдығының арқасында оңай анықталған. Жалпы бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, пікірлер екіге жарылды.

Бұған дейін Жаңа Зеландияның жабайы мысықтарды түбегейлі жойып жіберуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Тунберг Грета

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды