Жаңа Зеландия жабайы мысықтарды түбегейлі жойып жіберуді жоспарлап отыр
Сурет: pixabay
The Guardian дерегінше, "Жыртқыштарсыз–2050" атты мемлекеттік бағдарлама 2016 жылы қабылданған. Ол кезде билік жергілікті жануарлар дүниесіне үлкен зиян келтіретін жыртқыштарды жою туралы шешім қабылдаған.
Басылым мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта елде еуропалықтар алып келген үй мысықтарынан тараған 2,5 миллионнан астам жабайы мысық бар. Кейбір аймақтарда оларды жою жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде, ал келесі жылдан бастап бұл жануарларды толықтай жоюға бағытталған шаралар қабылданбақ.
Жабайы мысықтарды түбегейлі жою жоспары жануарларды қорғаушылардың қатты сынына ұшырап отыр. Олар билікті шамадан тыс қатыгездік танытып отыр деп айыптайды.
Бұған дейін Канадада аю мектеп оқушыларына шабуыл жасап, 11 адамның жарақат алғанын жазғанбыз.