Жаңалықтар тізбегі
0

3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні

3 наурыз – Дүниежүзілік жабайы табиғат күні Сурет: Zakon.kz
Бұл күннің биылғы тақырыбы - "Жабайы табиғатты қорғаудағы ынтымақтастық", деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай ұран жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенциясы (CITES) қабылданғанына 50 жыл толуына орайластырылған. Аталған мерекенің мақсаты – жұртшылықтың назарын жабайы табиғаттың әсемдігі мен алуан түрлілігіне аудару, сонымен қатар оған ұқыпты қараудың маңызын еске салу. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

Қазір CITES-ке 183 мемлекет кіреді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Конвенцияның қорғауында жануарлардың шамамен 5,8 мың және өсімдіктердің 30 мың түрі бар.

Еліміздегі өсімдіктер әлемі ағаш-бұта және шөптесін өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрін қамтиды. Оның 390-ға жуығы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген. Сонымен қатар омыртқалы жануарлардың 835, омыртқасыздардың 100 мың түрі бар. Біріншілердің 128-і, екіншілердің 96-сы "Қызыл кітапқа" енген.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз