3 наурыз күні банкроттыққа өтініш беру басталады
Сурет: unsplash
2022 жылы 30 желтоқсанда Президент қол қойған "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" жаңа заң 3 наурыз күні күшіне енеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен "Параграф" ақпараттық жүйесі жеке тұлғалардың банкроттығы туралы онлайн конференциясында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа заң нормаларын түсіндіріп, заңнамада үш тәсіл көзделгенін атап өтті.
Бірінші тәсіл соттан тыс банкроттық. Бұл кезде сұрақтарды сот арқылы емес, Кірістер комитеті жергілікті жерде облыстық департаменттер арқылы іске асырылады.
"Қазіргі таңда барлық борышкердің 95 пайызы соттан тыс банкроттық процедурасына жатуы мүмкін деп отырмыз. Себебі бізде Агнеттік берген статистика бар. Қазіргі таңда кепілсіз кредит алған азаматтар саны көп. Бұл 1600 АЕК-ке дейін, яғни 5,5 миллионға дейінгі қарыздар. Олардың бәрі соттан тыс рәсімдер арқылы өтеді." Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов
Оның негізгі шарттары:
- Міндетті түрде банктерге, микроқаржылық ұйымдарға немесе коллекторлық агенттіктерге қарызы болуға тиіс.
- Қарыз 12 ай ішінде өтелмеген болуы керек.
- Арыз берушілердің мүлігі болмауға тиіс.
- Қарыз бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін іске асыруы керек.
"Бізге арыз беру үшін банк толық шараларды қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда борышкерлер арыз беру арқылы осы рәсімнен өтуі тиіс. Қазіргі таңда көбі бұл рәсімнен өткен жоқ. Сондықтан банкроттықтың осы тәсілін қолдануда қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде банк арқылы қарым-қатынаста реттеу процедурасынан өту қажет".Ержан Біржанов
Бұл процедура қалай жүреді?
Борышкер азаматтар қарыз алған банкке қарыздың пайыздық ставкасын азайту немесе бөліп төлеудің графигін жасау, не болмаса, төлемін ары қарай шегеру жайлы арыз беруі керек. Бұл арызды банктер немесе микроқаржылық ұйымдар 15 күнтізбелік күн ішінде қарап, шешім қабылдауы қажет.
Шешімнің 3 түррі бар:
- шартта көрсетілген тәртіпке өзгерістер енгізу;
- ұсынысты қабылдамау;
- ұсынысты қабылдау.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript