Жаңалықтар тізбегі
0

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қалай іске асады

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2023 11:24 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі қарастырылған: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілетін қалпына келтіру.

Барлық үш рәсімді тек борышкер бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Соттан тыс банкроттық тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін, бірақ берешек 5,5 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы керек.  

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады. Сот банкроттығы рәсімінің мақсаты – банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып саналса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы. Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында, мүлкі жоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады. Сауықтыру жоспарын қаржыны бақарушымен бірлесіп әзірленеді, оны сот бекітеді.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін берешек адам "банкрот" деген мәртебе алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Банкроттықтан кейін пайда болатын салдар:

  • 5 жылға несиелер мен кредиттер алу шектеуі;
  • 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  • 3 жыл қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін болады.

Алимент өндіру, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін келтірілген зиянды өтеу бойынша берешектерді есептен шығарылмайды.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңға 30 желтоқсан күні қол қойды.





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: