Үндістанда бойжеткен сүйіктісінің мәйітімен "неке қию рәсімін" өткізді

Сурет: pexels
Үндістанның Махараштра штатында 21 жастағы Анчал Мамидвар қаза болған сүйіктісі – 20 жастағы Сакшам Тейттің мәйітімен символикалық түрде "үйлену рәсімін" жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV мәліметінше, Мамидвар мен Тейт әртүрлі таптық деңгейден шыққан, ал Үндістанда мұндай некелерге көбіне тыйым салынады. Соған қарамастан, қыздың отбасы олардың некеге тұру шешімін қабылдайтынын айтып сендірген.

Алайда біраз уақыттан кейін қалыңдықтың туыстары Тейтпен сөйлескісі келген, ал әңгіме барысында төбелес басталып кеткен.

Бір сәтте қыздың туыстарының бірі жігітке оқ жаудырып, кейін кафель плиткасымен басын жарақаттап өлтірген. Бозбала сол жерде қаза тапқан. Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстап, оларды адам өлтіру бойынша айыптады.

Сүйіктісі қаза тапқаннан кейінгі келесі күні бойжеткен жігіттің үйіне барып, сол жерде "неке қию" рәсімін өткізген. Ол марқұмның отбасымен бірге тұратынын және қылмыскерлердің барынша қатаң жаза алуына үміттенетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Үндістанда такси жүргізушісі көңілдесін өлтіріп, денесін өртеп жібергенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды