Үндістанда такси жүргізушісі көңілдесін өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 13:12 Фото: unsplash
Үндістанның Махараштра штатында 33 жастағы такси жүргізуші 26 жастағы сүйіктісін өлтірді. Бұған әйелдің үздіксіз "үйлен" деп талап етуі себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Times of India басылымының жазуынша, 26 қарашада әйел үйіне оралмаған соң, туыстары полицияға жүгінген.

Тергеу нәтижесінде белгілі болғандай, сол күні әйел баласын мектепке апарып, артынша жігітімен кездескен. Ер адам оны туған ауылына апарамын деп уәде берген, бірақ қала сыртына шығарып, сол жерде тұншықтырып, темір құбырмен аяусыз соққыға жыққан. Кейін көлігінен бензин ағызып алып, оның денесін өртеп жіберген. 27 қарашада полиция әйелдің жартылай күйген денесін тапты.

Бастапқыда күдікті қылмысқа қатысы барын мойындамаған. Алайда ұзақ тергеу барысында ол бірнеше жыл бойы марқұммен қарым-қатынаста болғанын, ал әйел одан үйленуді талап еткенін айтқан. Ол өзінің отбасы болғандықтан, көңілдесінен осылайша "біржола құтылмақ" болғанын мойындаған.

Бұған дейін Шри-Ланкада табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: