Шри-Ланкада табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапты

Шри-Ланкада табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 11:34 Сурет: Х/@AzzamAmeen
Тропикалық "Дитва" циклоны Шри-Ланкаға соққы беріп, 334 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New Indian Express басылымының жазуынша, шамамен 400 адам із-түссіз кеткендер тізіміне енгізілген.

"Дитва" циклоны тудырған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсіп, 334 адамға жетті", – деп мәлімдеді Табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі.

Қазір жаңбыр тоқтағанымен, кейбір ойпатты аумақтар әлі де су астында. Мыңдаған үй мен жолдарды су шайып кеткен, негізгі көлік және байланыс инфрақұрылымының жұмысы толықтай бұзылған.

Құтқарушылар су басқан аймақтарда жұмысты әлі де жалғастыруда.

Бұған дейін жазғанымыздай, Гонконгта тұрғын үй кешені өрті кезінде қаза тапқан адамдар саны 140-тан асты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: