Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Шри-Ланка, президенті, Тоқаев, көңіл айту жеделхаты, су тасқыны, лай көшкіні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2025 19:01 Сурет: Х/@AzzamAmeen
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 1 желтоқсанда Шри-Ланка президенті Анура Кумара Диссанаякеге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты", делінген Ақорда баспасөз қызметі жариялаған жеделхат мәтінінде.

Айта кетсек, "Дитва" тропикалық циклоны Шри-Ланканы орап өтіп, салдарынан 334 адам қаза тапты, тағы 400-ге жуық адам хабар-ошарсыз кетті. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтады, бірақ кейбір ойпатты аймақтар су астында қалып отыр. Мыңдаған үйлер бүлініп, жолдар шайылды, негізгі көлік және байланыс жүйелерінің жұмысы толығымен бұзылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: