Үндістанда бойжеткен сүйіктісінің мәйітімен "неке қию рәсімін" өткізді
Сурет: pexels
NDTV мәліметінше, Мамидвар мен Тейт әртүрлі таптық деңгейден шыққан, ал Үндістанда мұндай некелерге көбіне тыйым салынады. Соған қарамастан, қыздың отбасы олардың некеге тұру шешімін қабылдайтынын айтып сендірген.
Алайда біраз уақыттан кейін қалыңдықтың туыстары Тейтпен сөйлескісі келген, ал әңгіме барысында төбелес басталып кеткен.
Бір сәтте қыздың туыстарының бірі жігітке оқ жаудырып, кейін кафель плиткасымен басын жарақаттап өлтірген. Бозбала сол жерде қаза тапқан. Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары күдіктілерді ұстап, оларды адам өлтіру бойынша айыптады.
Сүйіктісі қаза тапқаннан кейінгі келесі күні бойжеткен жігіттің үйіне барып, сол жерде "неке қию" рәсімін өткізген. Ол марқұмның отбасымен бірге тұратынын және қылмыскерлердің барынша қатаң жаза алуына үміттенетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Үндістанда такси жүргізушісі көңілдесін өлтіріп, денесін өртеп жібергенін жазғанбыз.