Шабуыл еврейлердің Ханукка мерекесін тойлау кезінде болды. Алайда, Австралия билігі оқ атқандардың мотивтерін атамады, тіпті атыс-шабысты теракт деп қабылдамады.
Құқық қорғау органдары тұрғындар мен туристерге жағажай аймағына жақындамауды және полицияның нұсқауларын қатаң орындауды ескертті. Оқиға кезінде сол маңда болғандарға қауіпсіз жерді паналай тұру ұсынылды, деп жазады ABC.
Сондай-ақ, полиция екі адамның қамауға алынғанын айтты, бірақ қоршау әлі тұрады. Адамдардан полиция кордондарын кесіп өтпеу сұралады. Желідегі видеода сол маңнан өтіп бара жатқан адам оқ атқандардың біріне тап беріп, қаруын тартып алғанын, содан кейін оны оған бағыттағанын көруге болады. Осы кезде тұтқиылда тұрған екіншісі оқ атады.
Австралияның премьер-министрі Энтони Албанезе болып жатқан жайт алаңдаушылық туғызатынын айтты.
"Бондидегі көріністер жаға ұстатып, үрей туғызады. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, адамдарды құтқаруда", - деді ол.
Албанезенің айтуынша, ол Жаңа Оңтүстік Уэльс билігімен байланыста. Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан көптеген полицейлер мен дәрігерлерді көруге болады, кейбір зардап шеккендерді зембілмен көтеріп әкетіп жатыр.
Желтоқсан айының басында қазақстандық жұп Австралияда казинода алаяқтық жасағаны үшін ұсталған болатын.