Сиднейде казинода "қолы жүргіш" қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды
Сурет: unsplash
Сиднейде (Австралия) казинода алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық жұп ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа Оңтүстік Уэльс полиция штаб-пәтері таратқан баспасөз хабарламасына сәйкес, 2025 жылдың 27 қарашасында, бейсенбіде Сиднейдегі казино қызметкерлері 36 жастағы әйелдің көйлегіндегі кішкентай жасырын камераны байқайды. Бұл туралы олар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне хабарлайды. Осылайша оқиға орнында әйел мен оның 44 жастағы күйеуі ұсталады.
"Ерлі-зайыптылардан полиция қызметкерлері жасырын қарау, суретке түсіру немесе жазып алу сынды функцияларды қарастыратын құрылғысы бар телефон камерасын, шағын магнитті зондтар, батареялар және ұялы телефонды тапты. Сондай-ақ полиция сол ұялы телефонға арналған шағын арнайы айнаны тәркіледі", делінген хабарламада.
Ұсталғандарға әділетсіз жолмен қаржылық пайда табу бабы бойынша айып тағылды. Оларды кепілмен босатудан бас тартылды.
"Арнайы топтың тергеуі ерлі-зайыптылардың Сиднейге Қазақстаннан 2025 жылдың қазан айында келгенін және сол күні Барангару ауданындағы казино мүшелігіне өту үшін өтініш бергенін анықтады. Қазан мен қараша айларында ерлі-зайыптылар казинода бірнеше рет болып, барлығы 1 179 412,50 доллар ұтып алып, өздеріне қатысты мекеменің күдігін туғызған", деп хабарлайды полициядан.
Ұсталғандар тұратын үйді тінту кезінде полиция басқа құмар ойынға қажетті заттарды, қымбат зергерлік бұйымдарды және 2000 евро тапты.
2025 жылдың қыркүйегінде Астанада сот орындаушыларының қазынадағы 26 млн теңгені құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript