Қазақстандық таеквондошы Кениядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды

Қазақстандық таеквондошы Кениядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 22:13 Сурет: Таеквондо федерациясының баспасөз қызметі”
Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды жеңіп, алтын медальді иеленді. Қаблан 87 кг жоғары салмақта өнер көрсетіп, турнирдің барлық кезеңінен сүрінбей өтті.

Финалға дейін ол төрт кездесу өткізді және Үндістан мен Түркия спортшыларынан басым түсті.

Жартылай финалда Қаблан Иран спортшысы Амирмохаммад Ашрафиді 2:1 есебімен жеңді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық таеквондошы Тайландтағы турнирде медальға қол жеткізуден бір қадам қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: