Қазақстандық ауыратлет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.
Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript