Қазақстандық спортшы таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 19:57 Сурет: ҚР ҰОК
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, о тандасымыз 44 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Серікбаева Мексика спортшысы Понсе Нуньес Ширлиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында жалпы үш медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

Бұған дейін көркем гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайтындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: