Көркем гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогы кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
Сурет: olympic.kz
Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзербайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметінше, бұл турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында екі спортшымен өнер көрсетеді.
Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.
Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерекешева екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript