Темірлан Тілеулес таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржынына екінші медальді салды
Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Найробидегі (Кения) жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, қазақстандық таеквондошы Темірлан Тілеулес 63 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.
Отандасымыз жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османмен кездесіп, қарсыласына жол берді.
Осылайша, Темірлан Тілеулес ел қоржынына екінші медальді салды. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) алтыннан алқа таққан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript