Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Чунчхонда (Оңтүстік Корея) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы екінші медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрәлі Махмұт 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.
Махмұт финалдық кездесуде әлем чемпионатының жеңімпазы атанған ирандық Сина Мохтарамиден ұтылды.
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Азат Бесаев (Ресей) пен Хаожань Тан (Қытай) көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Қазнабек (59 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript