Қырғызстанда қалың қарды кешіп мектепке барған оқушы Садыр Жапаровтан сыйлық алды

Сурет: president.kg
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров төртінші сынып оқушысына жеке өзі сыйлық табыстап, оған өзінің ұялы телефонын да тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 2025 жылғы 17 желтоқсанда өтті. Ерекше оқиғаның мән-жайын Президенттің баспасөз қызметі баяндады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ош облысы Қара-Күлжа ауданына қарасты Коо-Чаты ауылынан шыққан төртінші сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековтің қалыңдығы бір метрге жуық қарды кешіп, мектепке бара жатқан видеосы тараған болатын.

Бұл бейнежазбаны Президент Садыр Жапаров та көріп, оқушының табандылығына жоғары баға берген. Мемлекет басшысы Нұрзаманды Президент шыршасына шақырып, сыйлықтар табыстап қана қоймай, өзінің ұялы телефонын да сыйға тартты.

Президенттің айтуынша, Нұрзаман оған бала кезін еске салған. Өйткені өзі де мектепке қар кешіп барған күндерді бастан өткерген.

Сурет: president.kg

Кездесу соңында Садыр Жапаров оқушыға оқуда табыс пен жарқын болашақ тіледі.

Қырғызстан
Жапаров Садыр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді