Украинадағы президенттік сайлау: Зеленский дауыс беру мүмкіндігіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасы
Украинада шетелде жүрген азаматтар үшін сайлауда электронды дауыс беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Әзірге тек президент сайлауы жоспарлануда, ал парламенттік және жергілікті сайлауларды өткізу мәселесі күн тәртібінде жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yahoo! дерегіне сәйкес, бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский журналистермен әңгіме барысында айтты.

Атап айтқанда, Зеленскийге соғыс жағдайында сайлау өткізуге қатысты заң жобасын әзірлеу бойынша ілгерілеу бар ма деген сұрақ қойылды. Президент бұл бағытта әзірге жаңалық жоқ екенін жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тек президент сайлауын өткізу мәселесі ғана қарастырылуда. АҚШ-та Украинадан тек президент сайлауын өткізуді талап еткен, ал парламенттік немесе жергілікті сайлаулар туралы сөз болмаған.

Сонымен қатар, Зеленский украиналықтардың "Дія" қосымшасы немесе басқа да электронды тәсілдер арқылы дауыс беруі мүмкін деген идеяны бұрыннан қолдап келе жатқанын айтты. Бұл әсіресе шетелде жүрген Украина азаматтары үшін өте маңызды екенін атап өтті.

"Мен ковид пандемиясы басталған кезден бері адамдарға онлайн дауыс беру мүмкіндігін беру үшін заңнамалық өзгерістер қажет екенін үнемі қолдап, осы мәселені көтеріп келемін. Алайда әзірге парламент депутаттарымен ортақ келісімге келе алмадық", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Зеленскийдің сайлау өткізуге дайын екенін және оған қатысатынын мәлімдегенін жазғанбыз.

Зеленский Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды