Америкалық ұрланған қызын телефон арқылы тауып, аман алып қалды

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Техас штатында бір әке ұялы телефондағы ата-ана бақылауы функциясының көмегімен 15 жастағы қызын тауып, оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, оқиға Рождество күні Хьюстон қаласының маңындағы Портер елді мекенінде болған. Жасөспірім қыз итімен серуендеуге шығып, белгіленген уақытта үйіне оралмаған. Алаңдаған әкесі бір мезетте қызының телефоны арқылы оның орналасқан жерін анықтаған.

Сигнал көршілес Харрис округіндегі елсіздеу аймаққа, үйден шамамен үш шақырым жерге алып барған. Сол жерде ер адам қызын жартылай жалаңаш белгісіз ер адаммен бірге пикап көлігінің ішінен тапқан. Қыз қашып шығып, әкесіне қарай жүгірген, ал әкесі дереу полиция шақырған.

Тергеу деректеріне сәйкес, қаскүнем жасөспірімді пышақпен қорқытып, күштеп көлікке отырғызған.

Оқиғаны көрген куәгерлер полицияға көлік пен жүргізуші туралы сипаттама берген. Күдікті ретінде Портер қаласының 23 жастағы тұрғыны Джованни Росалес Эспиноса анықталған.

"Ер адам қарсылық көрсетпей ұсталды. Оған ауырлататын мән-жайлармен адам ұрлау және кәмелетке толмағанға қатысты әдепсіз әрекеттер жасады деген айып тағылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шыққанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды