Париждегі метрода бірнеше адамға пышақпен шабуылдаған күдікті бостандыққа шықты

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 14:05 Фото: pexels
26 желтоқсанда Париждегі метрода үш әйелге пышақпен шабуыл жасаған Мали тумасы қамаудан босатылып, психиатриялық емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

France24 мәліметінше, ер адам метрода үш әйелді жарақаттаған. Олардың біреуі жүкті болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Құқық қорғау органдары күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, Париж маңындағы Сарсель қаласында (Валь-д’Уаз департаменті) ұстаған.

25 жастағы ер адам бұған дейін де құқық қорғау органдарына ұсақ ұрлықтар мен есірткілік мас күйде мүлікті бүлдіру фактілері бойынша белгілі болған. Оған Франция аумағынан кету жөнінде ресми нұсқама да берілген екен.

Бұған дейін Эйфель мұнарасы маңында отшашу атқандар жаппай ұсталып жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: