Жапонияда қатты жер сілкінісі болды

Сурет: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) Симанэ префектурасында небәрі 16 минутта төрт жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

JMA деректеріне сәйкес, біріншісі Астана уақыты бойынша сағат 6:18-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Зілзала ошағы аймағында Жапонияда қабылданған жеті балдық шкала бойынша жер асты толқындарының магнитудасы 5+ балл болды.

Одан кейін 6:24, 6:28 және 6:34-те тағы үш жер сілкінісі тіркелді. Олардың магнитудасы сәйкесінше 4,5, 5,1, 3,8 балл болды.

Жер асты дүмпулері цунами қаупін тудырмағаны нақтыланады. Сондай-ақ зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде жапондықтар жер сілкінісі кезінде түсірілген видеолармен жаппай бөлісуде.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде 5 қаңтарда жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды