Германияда қойлар дүкенге басып кірді

Сурет: pixabay
Жақында Германияның оңтүстігіндегі Бургзинн муниципалитетінде орналасқан Penny сауда желісінің дүкендерінің бірінде қойлар тобы 20 минутқа жуық сауда жұмысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph басылымының мәліметінше, 50 қой супермаркетке кіріп, азық-түлік сөрелерінің маңына жиналған. Куәгерлердің айтуынша, бұл жағдай бір қойдың келушілердің бірінің қалтасындағы тәттіні байқап, соның артынан еруінен басталған. Қалған қойлар да соның соңынан еріп кеткен.

Қойлар өзін әдепсіз ұстап, бір адамды касса маңында бұрышқа тіреп тастаған. Салдарынан келушілер саудасын тоқтатуға мәжбүр болып, ал дүкен қызметкерлері барлық қойлар сыртқа шыққанға дейін супермаркет жұмысын уақытша тоқтатқан.

Жергілікті БАҚ дерегіне сүйенсек, бұл 50 қой 500 бастан тұратын үлкен отардан бөлініп кеткен.

Penny компаниясы оқиғаға байланысты қойларға бір жылдық тегін жем-шөп қоры берілетінін мәлімдеді. Бұл көңілді жағдай сауда желісіне көпшіліктің назарын аударып, өзіндік жарнамаға айналды.

Бұған дейін Таиландтағы ядролық жарылысқа ұқсас ерекше отшашу тұрғындарды шошытқанын жазғанбыз.

Германия
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды