Ақшаның дауы: 69 жастағы әйел қызын пышақтап тастаған

Сурет: pexels
Әзербайжанның Баку қаласына қарасты Сабунчи ауданында отбасылық жанжал ауыр қылмыспен аяқталды. Рамана кентіндегі жеке үйлердің бірінде 69 жастағы әйел өзінен 41 жастағы қызымен жанжалдасып қалып, суық қару ала жүгірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, дау барысында анасы қызын пышақпен жарақаттаған. Зардап шеккен қызы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, ал қылмыс жасады деген күдікпен 69 жастағы әйелді полиция ұстап, қамауға алды.

Көршілердің айтуынша, бұл отбасында бұған дейін де жанжалдар жиі болған.

Олардың сөзінше, қызы анасының үйіне жиі келіп, қаржылық мәселелерге байланысты ұрыс-керіс шығаратын.

Сабунчи медициналық орталығының хабарлауынша, зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін АҚШ-та ойын баласы анасының тапаншасымен екі жасар інісін атып өлтіргенін жазғанбыз.

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді