АҚШ тұрғыны бір ғана өнімнен бас тартып, 45 келі салмақ тастады

Сурет: freepik
АҚШ-та тұратын Кристи Маккаммон тәттіге тәуелділігін жеңіп, соның арқасында айтарлықтай арықтаған. Әйелдің айтуынша, оның басты мәселесі – тәттіге деген шектен тыс әуестік болған. Ол күніне шамамен 5 мың килокалория тұтынып, тамақты жан тыныштандыру құралы ретінде пайдаланған.

Америкалық әйел әртүрлі диеталар мен спорт залындағы жаттығуларды байқап көргенімен, ешқандай нәтиже көрмеген. Need To Know басылымының жазуынша, өзгерістер 2017 жылы, ол қант пен барлық тәттілендіргіштерден толықтай бас тартқан кезде байқала бастаған.

Тәтті тағамдардың орнына Маккаммон жемістерді, бататты (тәтті картоп) және сүзбені тұтынуды әдетке айналдырған. Бұл өнімдер оның салмағын айтарлықтай азайтуына көмектескен.

"Көп адам мұндай өмір салты шектейді деп ойлайды. Алайда артық салмақ пен тамаққа тәуелділік адамды әлдеқайда қатты шектейді", – деп атап өтті Маккаммон.

Айта кетейік, әйел жеті жылдан бері осы жаңа тамақтану тәртібін ұстанып келеді. Тіпті туған күндерінде де кремді торттың орнына жемістен жасалған тортты таңдап, дәстүрін бұзбайды.

Бұған дейін Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының мерейтойы атап өтілуде екенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді