Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының мерейтойы атап өтілуде

Түркияда "Сұлтан Сүлеймен" сериалының мерейтойы атап өтілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 11:45 Сурет: Instagram/nebahatcehre
Бүгінде Түркияда ТМД елдері арасында кеңінен таралған "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының экранға шыққанына 15 жыл толуы атап өтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, бұл жоба Түркияның өзінде басқа елдерге қарағанда бір жыл бұрын көрсетіле бастаған. Осы мерейтойға орай Валиде-сұлтан рөлін сомдаған танымал актриса Небахат Чехре естелікке толы жазбасымен бөлісті.

Актрисаның айтуынша, кейбір туындылар өз уақытының шеңберінен шығып, жылдар өтсе де өз маңызын жоғалтпайды.

"Сүлеймен сұлтан" – арада қанша жыл өтсе де көрермен қызыға тамашалайтын, бүкіл әлемге із қалдырған сериал. Бұл "керемет" телехикаяны 500 миллионнан астам адам көрген. Бүгінгі күнге дейін Валиде-сұлтанды осындай ыстық ықыласпен еске алатындарыңыз мен үшін өте мәртебе. Рақмет сіздерге", – деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Бұған дейін 2025 жылғы 11 қарашада Ресей президенті Владимир Путин жайындағы "Кремль сиқыршысы" фильмінің трейлері жарық көргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: