2025 жылдың қорытындысы бойынша ең бай елдер: Қазақстан қай орында

Экономика, экономика Казахстана, экономика РК, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, договоры, инвестиции, инвестирование, график роста, графики роста, график, графики, экономическое развитие Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 16:54 Фото: Zakon.kz
Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдері арасындағы ең бай мемлекеттердің қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Америкалық "CEOWORLD Magazine" онлайн-басылымының нұсқасына сәйкес, 2025 жылы Қазақстан әлемдегі ең бай елдер рейтингінде 70-орынға ие болды. Осылайша, ел Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында бұл көрсеткіш бойынша көшбасшылар қатарында қалды.

Есептеу қалай жүргізіледі

Ең бай елдер рейтингі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткішіне және сатып алу қабілетінің паритетін ескере отырып түзетілген деректерге негізделеді.

Мамандардың пікірінше, мұндай тәсіл елдің нақты экономикалық жағдайын, халықтың өмір сүру сапасын, инфляция деңгейі мен баға көрсеткіштерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Басылым сарапшылары есеп жүргізу барысында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, сондай-ақ БҰҰ аясында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың статистикалық деректеріне сүйенген. Рейтингке әлемнің 211 мемлекеті енгізілген.

Әлемдегі ең бай елдер

Онлайн-басылым сарапшыларының пайымынша, әлемдегі ең бай елдер – тек жоғары технологиялы, автоматтандырылған өндірісі, дамыған банк жүйесі және мықты бизнес әлеуеті бар мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар халқының саны салыстырмалы түрде аз елдер.

2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең бай мемлекет – Люксембург. Бұл елде жан басына шаққандағы ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) 143 304 долларды құраған.

Екінші орында – Лихтенштейн (139 100 доллар), ал үшінші орында – Ирландия (137 638 доллар).

2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең бай 10 елдің қатарына сондай-ақ мыналар енді:

  • Сингапур – 138 108 доллар;
  • Монако – 115 700 доллар;
  • Катар – 114 210 доллар;
  • Макао – 98 157 доллар;
  • Бермуд аралдары – 95 837 доллар;
  • Швейцария – 89 537 доллар;
  • Біріккен Араб Әмірліктері – 88 962 доллар.

Америка Құрама Штаттары мен Қытай әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында қала бергенімен, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең бай 10 елдің қатарына енген жоқ. Нәтижесінде АҚШ аталған рейтингте 13-орынды (80 412 доллар), ал Қытай 86-орынды (23 309 доллар) иеленді.

ТМД елдеріндегі жағдай

2025 жылдың қорытындысы бойынша ТМД кеңістігіндегі ең бай мемлекет – Ресей. Ол әлемдік рейтингте 66-орынға жайғасып, жан басына шаққандағы ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша) 35 310 долларды құрады.

Бұл көрсеткіш бойынша Ресейден сәл ғана төмен тұрған – Қазақстан. Қазақстан 70-орынды иеленіп, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ППС бойынша) 32 712 доллар болды.

ТМД елдері ішінде бұдан төмен көрсеткіштер келесі мемлекеттерде тіркелді:

  • Беларусь – 85-орын (24 017 доллар);
  • Армения – 96-орын (19 745 доллар);
  • Әзербайжан – 104-орын (18 694 доллар);
  • Өзбекстан – 143-орын (10 316 доллар);
  • Қырғызстан – 161-орын (6 438 доллар);
  • Тәжікстан – 167-орын (5 631 доллар).

Ең кедей ел

"CEOWORLD Magazine" онлайн-басылымының нұсқасы бойынша, 2025 жылы әлемдегі ең кедей ел – Оңтүстік Судан болды. Бұл мемлекет рейтингте соңғы 211-орынды иеленіп, жан басына шаққандағы ЖІӨ 476 долларды құрады.

Рейтингтің соңғы орындарына сонымен қатар келесі елдер бар:

  • Бурунди (210-орын, 890 доллар);
  • Орталық Африка Республикасы (209-орын, 1109 доллар);
  • Конго Демократиялық Республикасы (208-орын, 1510 доллар);
  • Нигер (207-орын, 1579 доллар).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: