Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында көш бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 14:58 Сурет: pixabay
ТМД елдері арасындағы интернет жылдамдығы ең жоғары ел – Қазақстан.

Мобильді интернет жылдамдығын бақылап отыратын SpeedTest Global Index рейтингінде еліміз 64-ші орынды иеленген, деп жазады qazaqstan.tv.

Қырғызстан 74-ші орынға жайғасып, көршілес елдер арасында екінші орында тұр. Ал үштікті Өзбекстан түйіндеп, 89-шы орынға тұрақтады.

Ресей аталған рейтингте – 105-ші, Тәжікстан 143-ші орында. Рейтингті қалыптастырушы ұйымның дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы орташа интернет жылдамдығы 45,34 Мбит/секунд.

Ал Өзбекстандағы көрсеткіш 29,50 Мбит/секундты құрады. Сарапшылардың сөзінше, аймақ елдерінің цифрлық технологияны дамыту бойынша бірлесе қолға алған жобалары баршылық.

"Орталық Азия елдері бойынша цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асыру аясында 80-нен астам жоба қолға алынды. Мәселен, Қазақстанда 30 жоба, Өзбекстанда 26 ірі жоба жасақталып жатыр. Қырғыз елі мен Тәжікстанда – 10. Ал Түркіменстан 8 заманауи жобаны дамыту үстінде." Шавкат Алимбеков, Орталық Азия халықаралық институтының жетекші ғылыми қызметкері
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: