Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша рейтингте 6 қатар көтерілді
Сурет: unsplash
Елдегі интернет жылдамдығы бір жылда 22% өсті. Маусым айында мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 6 қатарға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүкіл әлемде сияқты Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығына ерекше көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары елімізде бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті. Осылайша Speedtest Global Index деректері бойынша 2022 жылдың маусымында мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 6 қатарға көтеріліп, бір айда көрсеткіш 20,56 Мб/с-тан 22,53 Мб/с-қа дейін өсті. Жыл ішінде жылдамдық бірден 21,5%-ға өсті, – деп жазды Finprom.kz.
Қазақстандағы интернет Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және басқа да дамушы елдерге қарағанда айтарлықтай жылдамырақ. Бұл ретте интернет жылдамдығы бойынша әлемде Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Оңтүстік Корея және Катар көш бастап тұр.
Сарапшылардың пікірінше, Tele2/Altel абоненттері елдегі жалпы мобильді интернетті тұтынудың шамамен 60%-ына тең. Бұл ретте Kcell трафик тұтынуы 36,8% өсіп, 620 петабайт болды, яғни елдегі интернеттің жылдамдығы эфирдегі жүктемемен бірге артқан. Бұл ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымының дамығанын көрсетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript