Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан ластану деңгейі бойынша рейтингте 33-орында

Тұмша, ауа ластануы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 17:18 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қалалардың ластануы бойынша рейтингке 115 ел кірді. Соның ішінде Қазақстан 33-орында, деп хабарлайды Zakon.kz

Numbeo сайтының дерегінше, еліміздегі ластану индексі 73,4 болды. Түсіндіру үшін: Индекс неғұрлым үлкен болса, жағдай да соғұрлым нашар деген сөз.

Ластану деңгейі бойынша алда тұрған ел — Финляндия. Бұл елдегі ластану индексі небәрі — 12,1.

Ең қатты ластанған елдер рейтингін Камерун, Моңғолия және Мьянма бастап тұр. Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің арасында Әзірбайжандағы жағдай Қазақстанға қарағанда нашар. Ал біздің елден жақсырақ нәтиже Молдовада, Украинада, Ресейде, Арменияда және Беларусьте.

Ал Energyprom.kz-тің зерттеуінше, экологиялық капиталды инвестициялау бір жылда 4%-ға ғана өскен.

2021 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 4,3%-ға өсіп, 163,9 миллиард теңге болды. 2020 жылы салынған инвестиция 157,1 млрд теңге болған еді.

Экологиялық капиталды инвестициялауда қаржының ең көп көлемі Жамбыл облысына салынған. Мұнда жылына 52,8 млрд теңге салынып, инвестиция бір жыл бұрынғыдан 4 есеге артқан.

Үздік үштікке Нұр-Cұлтан, Ақтөбе облысы да кірді. ТОП-5 аймаққа Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары да енді.

Сонымен қатар күрделі салымдардың ең аз көлемі Алматы облысында тіркелді: 579,6 млн теңге. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылы бұл салаға инвестиция құйылған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: